Футболдан чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші туры өтеді

Футбол
Фото: @kff_team

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші туры өтеді, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін, 28 қарашада Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар өзара кездеседі. Олардың қатарында «Пари Сен-Жермен», «Манчестер Сити», «Барселона» (Испания) клубтары бар.

E тобы: «Лацио» (Италия) - «Cелтик» (Шотландия). «Qazaqstan». 23:35, «Фейенорд» (Нидерланд) - «Атлетико Мадрид» (Испания).

F тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Ньюкасл Юнайтед» (Англия). «Qazaqstan». 1.50, «Милан» (Италия) - «Боруссия Дортмунд» (Германия). «Qazsport». 01:50.

G тобы: «Манчестер Сити» (Англия) - «РБ Лейпциг» (Германия), «Янг Бойз» (Швейцария) - «Црвена Звезда»).

H тобы: «Шахтер Донецк» (Украина) - «Антверпен» (Бельгия). «Qazsport». 23:35, «Барселона» (Испания) - «Порту» (Португалия).

Ал ертең, 29 қарашада А, В, С, D топтарында өнер көрсететін командалар төртінші тур ойындарын өткізеді.

Олардың қатарында «Бавария», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Реал Мадрид» секілді Еуропаның үздік клубтары бар.

А тобы: «Бавария» (Германия) - «Копенгаген» (Дания), «Галатасарай» (Түркия) - «Манчестер Юнайтед» (Англия). «Qazsport». 23:35.

В тобы: «Арсенал» (Англия) - «Ланс» (Франция) «Qazsport». 1:50, «Севилья» (Испания) - ПСВ (Нидерланд).

С тобы: «Реал Мадрид» (Испания) - «Наполи». (Италия), «Спортиг Брага» (Португалия) - «Унион Берлин» (Германия).

D тобы: «Бенфика» (Португалия) - «Интер» (Италия), «Реал Сосьедад» (Испания) - «Ред Булл Зальцбург» (Австрия).

Еске салсақ, футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф ойындарын сырт алаңда өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар