Футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанкүйерлер ширек финалда «Реал Мадрид» (Испания) пен «Ливерпуль» (Англия), «Бавария» (Германия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция) жұптарының кездесуіне қызығушылық танытып отыр. Еуропа құрлығындағы алдыңғы қатарлы командалар осылайша жарыстың аталған сатысында бақ сынайтын болды.

1/8 финалдағы барлық жұп төмендегіше бөлінген:

«Бавария» (Германия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция)

«Бенфика» (Португалия) - «Брюгге» (Бельгия)

«Порту» (Португалия) - «Интер» (Италия)

«Манчестер Сити» (Англия) - «РБ Лейпциг» (Германия)

«Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) - «Милан» (Италия)

«Челси» (Англия) - «Боруссия Дортмунд» (Германия).

«Наполи» (Италия) - «Айнтрахт» (Германия)

«Реал Мадрид» (Испания) - «Ливерпуль» (Англия).

UEFA Чемпиондар лигасының финалы 2023 жылдың 10 маусымында Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионында өткізіледі.

Еске салсақ, футболдан әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі.




Фото: AFP 2022 / FABRICE COFFRINI