Футболдан әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашадан 18 желтоқсанға дейін Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар, qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайттары да тікелей көрсетілім таратады, сондай-ақ «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы да көруге болады.

Айта кетсек, XXII әлем біріншілігі Қатардың 5 қаласының 8 стадионында өтеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, FIFA Қатарда өтетін әлем чемпионатының ашылуын 20 қарашаға жылжытқан болатын. Қабылдаушы ел Қатар Эквадормен жексенбі, 20 қараша күні сағат 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00) кездеседі.

Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды .

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар