Аталған турдағы негігі ойындар «Реал Мадрид» (Испания) - «Лейпциг» (Германия), «Манчестер Сити» (Англия) - «Боруссия Дортмунд» (Германия) командалары арасында өтті.
«Реал Мадрид» екінші турда Германияның «Лейпцигін» 2:0 есебімен жеңді. Ойын барысында неміс командасы тегеурінді қарсылық көрсетті. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде испаниялық клуб қатарынан қос гол соқты. Нәтижесінде екінші жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.
Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:
E тобы: «Милан» (Италия) - «Динамо Загреб» (Хорватия) 3:1, «Челси» (Англия) - «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) 1:1
F тобы: «Шахтер Донецк» (Украина) - «Селтик» (Шотландия) 1:1, «Реал Мадрид» (Испания) - «Лейпциг» (Германия) 2:0
G тобы: «Манчестер Сити» (Англия) - «Боруссия Дортмунд» (Германия) 2:1, «Копенгаген» (Дания) - «Севилья» (Испания) 0:0
H тобы: «Ювентус» (Италия) - «Бенфика» (Португалия) 1:2, «Маккаби Хайфа» (Израиль) - «Пари Сен-Жермен» (Франция) 1:3.
Сондай- ақ, А тобындағы кейінге шегерілген ойында Шотландияның «Глазго Рейнджерсі» Италияның «Наполиіне» 0:3 есебімен жол берді.
Енді үшінші тур ойындары 4 және 5 қазан күндері жалғасады.
Еске салсақ, футболдан Чемпиондар лигасында «Бавария» «Барселонадан» басым түсті.
Фото: Gonzalo Arroyo Moreno/GettyImages