НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 наурызда UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалына шыққан командалар толықтай анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мүндай мүмкіндікке «Вильярреал» және «Гранада» (Испания), «Манчестер Юнайтед» және «Арсенал» (Англия) «Славия Прага» (Чехия), «Аякс» (Голландия), «Рома» (Италия), «Динамо Загреб» (Хорватия) командалары ие болды.
Ширек және жартылай финалға жеребе тарту рәсімі бүгін, 19 наурызда Швейцарияның Ньон қаласында UEFA штаб-пәтерінде өтеді.
1/4 финал 8 және 15 сәуір күндеріне белгіленген. Ал жартылай финал 29 сәуір мен 6 мамыр күндері өтеді.
Финал 26 мамырда Польшаның Гданьск қаласындағы «Гданьск Арена» стадионында болады.
Айта кетейік, былтыр аталған турнирде Испанияның «Севилья» командасы чемпион атанған еді.
Бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалына жолдама алған сегіз команда анықталғанын хабарлаған едік .
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.