АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамаларының жолдастық кездесуі қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.
Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында өткізіледі.
Кездесу 11 маусымда сағат 21:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама қазірге дейін сегіз мәрте өзара кездесті. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан басым түсті. Екі ойында тең нәтиже тіркелді.
ФИФА рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Армения 113-орында келеді.
Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы 7 маусымда Арменияға 1:2 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымында Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топта ойнайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.