Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» «Тұранды» ірі есеппен жеңді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 23 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Тұранды» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнир кестесінде қостанайлық клуб алдыңғы орындардың бірінде келе жатқан болатын. Ал «Тұран» көш соңында жүрген клубтардың қатарында келеді.

Бүгінгі кездесуде алғашқы минуттан алаң иелері тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Неманья Николич 8-минутта есеп ашты. Ал 44-минутта «Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев пенальтиден есепті үстемеледі.

Екінші кезеңнің 63-минутында Неманья Николич кездесудегі екінші голының авторы атанды. Қостанайлық қорғаушы Дмитрий Мирошниченко 76, Жасұлан Жұмашев 84-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде 15 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Көш басында 17 ұпаймен «Астана» тұрса, үздік үштікті 14 ұпаймен «Тараз» түйіндеп тұр.

Бұған дейін үш ойынның нәтижесі белгілі болды. Сырт алаңда «Тараз» Ақтаудың «Каспийіне», Алматының «Қайраты» «Атырауға» 0:1 есебімен есе жіберді.

Елордалық «Астана» дәл осы есеппен Қарағандының «Шахтерін» тізе бүктірді.

Жетінші турдағы қалған ойындар 24 сәуірде өткізледі. Бұл күні «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ақжайық» (Орал) пен «Ақтөбе», «Ордабасы» (Шымкент) пен «Қайсар» (Қызылорда) командалары