Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» «Тұранды» ойсырата жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің төртінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы соңғы ойында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Түркістанның «Тұранын» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ал Алматының «Қайраты» сырт алаңда Оралдың «Ақжайығымен» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Сондай-ақ, 3 сәуірде елордалық «Астана» Түркістанда «Мақтарал» командасын 3:0 есебімен сүріндірді.

Өзге ойындарда өз алаңында «Каспий» «Ордабасыны», «Қызылжар» «Ақсуды» 2:1 жеңсе, «Тараз» «Атырауға» 0:1 есебімен жол берді.

Тағы бір ойында «Ақтөбе» мен «Шахтер» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Төртінші турдан кейін 10 ұпаймен «Тобыл» мен «Каспий» көш басына шықты. Одан кейінгі орында 8 ұпаймен «Қайрат» командасы келеді.

Енді бесінші тур ойындары 9 және 10 сәуір күндері өткізіледі.