Футболдан Қазақстан кубогы 1/16 финалының ойындары қашан өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы Қазақстан кубогы 1/16 финалының қай күндері өтетіні белгілі болды.
Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алады. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатыса алады.
8 сәуір
«Талас» - «Қайсар»
«Ансат» - «Тобыл»
«Академия Оңтүстік» - «Ордабасы»
«Жайық» - «Қайрат»
«БКС» - «Астана»
«Жас Қыран» - «Атырау»
«Қаршыға» - «Жетісу»
«Тұран» - «Елімай»
9 сәуір
«SD Family» - «Ертіс»
«Zhelaev Nan» - «Алтай»
«Хромтау» - «Жеңіс»
«Арыс» - «Ақтөбе»
«Екібастұз» -«Каспий»
«Шахтер» - «Оқжетпес»
«Хан тәңірі» - «Қызылжар».
«Тараз» - «Ұлытау»
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) - 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) - 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды),«Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) - 1 мәртеден жеңімпаз атанды.
Айта кетсек, былтыр қостанайлық «Тобыл» футболдан 2025 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанған болатын.