Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алды. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатысты. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесімен анықталды.
Бұл кезеңде «Жеңіс», «Қызылжар», «Жетісу», «Тобыл», «Қайсар» командалары жеңімпаз атанып, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.
29 сәуір (сәрсенбі)
«Оқжетпес» - «Жеңіс» 2:3
«Ертіс» - «Қызылжар» 1:2
«Атырау» - «Жетісу» 0:2
«Астана» - «Тобыл» 1:2
«Қайсар» - «Кайрат» 2:1
Алдағы ойын кестесі
30 сәуір (бейсенбі)
15:00. «Алтай» - «Ұлытау»
18:00. «Ордабасы» - «Каспий»
20:00. «Ақтөбе» - «Елімай».
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) - 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) - 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) 1 мәртеден жеңімпаз атанды.