Кездесу барысында шымкенттік клуб алғашқы минуттан белсенділік танытты. Жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген олар қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Лео Натель 22-минутта есеп ашса, Берн Йонсен 38, Ги-Марселин Килам 53-минутта басымдықты арттырды.
Оған ойынның 91-минутында «Алтай» сапынан Дмитрий Подстрелов бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Енді жартылай финалдағы тағы бір ойында 29 шілдеде «Қайсар» (Қызылорда) — «Жеңіс» (Астана) кездеседі.
Қарымта ойын 19 тамызға белгіленген.
Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алады. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатыса алаы. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесімен анықталды.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) — 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) — 2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) 1 мәртеден жеңімпаз атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстан Премьер-лигасында ХVІІ турында Шымкенттің «Ордабасы» командасы ақтаулық «Каспийден» жеңіліп қалды.