АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан кубогында плей-оффқа шыққан 6 клуб анықталды. Ел кубогы биыл 32-ші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Бастапқы кезеңде бірінші және екінші лиганың 19 клубы сынға түсті. Нәтижесінде плей-офф кезеңіне «Ертіс», «Оңтүстік», «Тараз», «Жас Қыран», «Жетісай», SD Family командалары өтті.
Енді 6 клуб 1/8 финалдың 3 жолдамасы үшін 21-23 наурыз күндері бір ойын арқылы жеңімпазды анықтайды. А-В, С-D, Е-F топтарының жеңімпаз атанған клубтары екінші кезеңге берілетін үш жолдаманы сарапқа салады.
Екінші кезеңде Премьер-лиганың 13 командасы мен алдын ала іріктеу кезеңінде үздік шыққан 3 ұжым өзара жұп құрайды.
Қазақстан кубогының 1/8 финалы 13-14 сәуірде болса, 8 мамырда 1/4 финал болады.
Ал 1/2 финал 29 мамыр мен 19 маусымда өткізілсе, финал 29 қыркүйекке белгіленген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.