Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезңіне дайындығын бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының қыркүйек айында өтетін іріктеу матчтарына дайындығын бастады.

Фото: ҚФФ

Құрама әлі толық емес. Алдағы уақытта біртіндеп футболшылар қатарға қосылады.

Айта кетейік, қазақстандық футболшылар қыркүйекте «Астана Аренада» Уэльсті қабылдап, сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.

Ойыншылар тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).

Еске салсақ, футболдан UEFA Еуропа лигасы негізгі кезеңінің жеребесі тартылды.