Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойындарына кімдер шақырылды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының UEFA Ұлттар лигасы аясындағы алдағы екі кездесуіне шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жарияланды.

Фото: ҚФФ

Бас бапкер Джон ван ’т Шкип қараша айында өтетін Молдова және Словакияға қарсы матчтарға кеңейтілген тізімге 38 футболшыны енгізді.

Отандастарымыз 13 қарашада сырт алаңда Молдова құрамасына қарсы ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (барлығы – «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов (барлығы – «Астана»), Әбинұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов (барлығы – «Ордабасы»).

Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де – «Қайрат»), Дастан Сәтпаев («Бернли», Англия), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артем Литош («Шахтер»).

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы төрт ойын өткізіп үлгерді. Отандастарымыз Фарер аралдарымен (1:1, 2:2) екі мәрте тең түссе, одан кейін Словакия (1:2) мен Молдова (1:2) құрамасына есе жіберді.