Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ойындарына өзгерістер енгізілді

АСТАНА.KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусым күнтізбесіне ресми өзгерістер енгізілді.

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Нәтижесінде бірқатар кездесудің өткізілу мерзімі ауыстырылды. Енді чемпионаттың шешуші матчтары қазан айының соңында өтетін болды.

Негізгі өзгерістер кейінге шегерілген 23-тур матчтарына қатысты болып отыр. Аталған кездесулер енді 17-18 қазанда жоспарланды. Одан кейін командалар маусымның қорытынды кезеңіне кіріседі. 29-турдың матчтары 24-25 қазанға белгіленді.

Ал Қазақстан чемпионатының соңғы, 30-туры 31 қазанда өтеді. Осы кездесулерден кейін ел біріншілігі толық аяқталады.

Қазақстан кубогы финалының өтетін күні әзірге белгіленген жоқ. Оның нақты мерзімі кейінірек жарияланады.

Айта кетсек, финалда «Ордабасы» (Шымкент) - «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады. Жартылай финалда шымкенттік команда Өскеменнің «Алтайын» (3:1, 2:1), қызылордалық клуб елордалық «Жеңісті» (3:1, 2:3) қапы қалдырып кетті. 

FIFA Қазақстан футбол федерациясының 2026 жылға арналған FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы аясындағы жобалық өтінімін ресми түрде мақұлдады.

Балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға және мамандарды даярлауға бағытталған негізгі бастамаларды жүзеге асыру үшін FIFA 250 000 АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді.