Үшінші орын үшін сайыста Алматының «Қайрат» және Қарағандының «Шахтер» командалары кездесті.
Ойында «Қайрат» негізінен жастарға сенім артса, «Шахтер» тәжірибелі футболшыларын жасыл алаңға шығарды.
Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Ойынның 51-минутында қарағандылық Жан-Әли Пайруз мергендік танытып, өз командасын алға шығарды.
Оған «Қайрат» сапынан Денис Поляков 63, Штрели Мамба 87-минутта екі голмен жауап қайырды. Осылайша алматылық ұжым қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Естеріңізге сала кетелік, екі команда жартылай финалда қарсыласына есе жіберді.
Алдымен «Шахтер» елордалық «Астанаға» 1:2 есебімен жол берді.
Ал «Қайрат» негізгі кезеңде Қостанайдың «Тобылымен» тең түсіп, пенальтиден есе жіберді.
Енді финалда 6 наурыз күні «Астана» мен «Тобыл» командалары кездеседі.