Футболдан конференция лигасы: «Қайрат» «Карабахқа» есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA конференция лигасы топтық кезеңінің төртінші турында қазақстандық «Қайрат» Алматыда Әзербайжанның «Карабах» командасына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі ойында қос команда жеңіске жету жолын іздеді. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде 57-минутта әзербайжандық командадан Ибраим Ваджи есеп ашса, одан кейін алматылық клубтан Хосе Канте таразы басын теңестірген еді.

Ал 72-минутта Абделла Зубир «Карабахты» қайтадан алға шығарды.

«Қайрат» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Енді «Қайрат» алдағы ойынын 25 қарашада Алматыда Швейцарияның «Базель» командасына қарсы өткізеді.

«Қайрат» H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» командалары.

Алғашқы үш турда «Қайрат» командасы небәрі бір ұпай жинады. Алдымен өз алаңында Кипрдің «Омониясымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Одан кейін сырт алаңда Швейцарияның «Базель» клубына 2:4, Әзербайжанның «Карабах» 1:2 есебімен есе жіберді.