Футболдан Лига кубогының финалы қай қалада өтетіні белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Лига кубогының финалы «Түркістан Арена» стадионында өтетін болды.
Бұл ойын 23 қарашада сағат 15:00-ге белгіленген. Жалпы жүлде қоры – 1 миллион доллар.
Биыл алғаш рет жалауын көтерген турнирде еліміздің 16 клубы бақ сынады. Нәтижесінде елордалық екі команда финалға дейін жетті.
«Жеңіс» командасы алдымен В тобында қостанайлық «Тобыл» (2:0) және қызылордалық «Қайсарды» (1:0) жеңіп, бірінші орын алды. Ал жартылай финалда алматылық «Қайратпен» қос матчтың қорытындысы бойынша 2:2 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында (3:2) басым түсті.
«Астана» топтық кезеңде ақтаулық «Каспий» (5:0) мен қарағандылық «Шахтерді» (2:4) жеңіп, D тобында көшбасшы болды. Жартылай финалда семейлік «Елімайды» жолығып, қос матчта гол соғылған жоқ. Осыған байланысты жеңімпаз пенальти сериясы(3:1) арқылы анықталды.
Кубок иегері 90 миллион теңге сыйақы алса, финалға шыққан клубқа 50 миллион теңге сыйақы табысталады.
Еске салсақ, бүгін Қазақстан Премьер-лигасының ХХV турында «Ордабасы» командасын жеңген «Қайрат» чемпиондыққа таласты жалғастыратын болды.