АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Лига кубогының финалында елордалық «Астана» мен «Жеңіс» командалары кездесетін болды.
Жартылай финалдағы алғашқы ойында «Қайрат» пен «Жеңіс» кездесті. Алғашқы ойында астаналық клуб қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Бүгінгі ойында алматылық клубтан Гиорги Зария 32, Зария 53-минутта қос голдың авторы атанды.
Осылайша екі ойынның нәтижесі теңесті. Қосымша кезеңде де жеңімпаз анықталған жоқ.
Пенальтиден «Жеңістің» жолы болып, финалға жолдама алды.
Тағы бір кездесуде «Астана» мен «Елімай» қос ойында да 0:0 есебімен тең түсті.
Қосымша кезеңде де гол соғылмады. Пенальти тебуден «Астана» басым түсті.
Енді 24 қарашада өтетін финалда «Астана» мен «Жеңіс» шеберлік байқасады.
Лига кубогы ойындары биыл елімізде алғаш рет басталды.
Бас жүлдеге қол жеткізген команда қомақты ақшалай сыйақы алады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.