Футболдан премьер-лига: 20-тур ойындарының кестесі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тур 19 және 20 тамыз күндері өтеді. Сенбіде 3 ойын болса, жексенбіге 4 кездесу белгіленген.

Бүгін сағат 17:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) аталған турдың алғашқы кездесуін өткізеді.

Одан кейін 19:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар» (Петропавл) жасыл алаңға шықса, 21:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Атырау» кездеседі.

Ал 20 тамызда 17:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы), одан кейін 19:00-де «Астана» мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.

Аталған турды 20:00-де «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайрат» (Алматы) шеберлік байқасады.

Айта кетсек, қазірге дейін көш басында 45 ұпаймен «Ордабасы» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Ақтөбе» мен «Астананың» еншісінде 39 ұпайдан бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Елімай» турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты.