Мюнхен қаласындағы «Арена Мюнхен» стадионы жартылай финалдың бірі мен финалды қабылдайды. Ал Штутгарттағы «Штутгарт Арена» жартылай финалдың тағы бір кездесуі мен үшінші орын үшін матчты өткізеді.
А лигасы жартылай финалы 4 және 5 маусым күндері болса, үшінші орын мен финал 8 маусымға белгіленген.
1/2 финалда Германия мен Португалия, Испания мен Франция шеберлік байқасады.
Ұлттар лигасы 2018 жылдан бері екі жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Португалия, Франция, Испания бір-бірден чемпион атанды.
2024 жылы Қазақстан құрамасы В лигасында сынға түсті. Өз тобында Норвегия, Австрия, Словенияны алға салып, төртінші орынды місе тұтты.
Айта кетсек, ел құрамасы В лигасы үшінші тобында сынға түсті. Қазірге дейін өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен ойнаса, сырт алаңда оларға 0:5 есебімен есе жіберді. Ал Словенияға 0:3, 0:1 , Аустрияға 0:4, 0:2 есебімен жеңілді.
Енді олар алдағы маусымда қайтадан С лигасында бақ сынайды.