Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Молдоваға аттанды
Қазақстан және Молдова құрамалары 24 наурызда елорда уақытымен 23:00-де басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл кездесуде ел құрамасының бас бапкері міндетін қазақстандық маман Андрей Карпович атқарады. Ол аталған ойынға бірқатар футболшыларға сенім білдірді.
Молдоваға қарсы ойнайтын футболшылар тізімі төмендегіше:
Қақпашылар: Стас Покатилов («Ақтөбе»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»);
Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Нұрлан Дайыров («Тараз»), Тимур Досмағамбетов («Шахтер»), Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров (барлығы - «Тобыл»), Темірлан Ерланов, Арман Кеңесов (екеуі де - «Ақтөбе»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»);
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Асхат Тағыберген, Владислав Васильев (екеуі де - «Тобыл»), Айбол Әбікен («Ақсу»), Думан Нәрзілдаев («Каспий»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Абылайхан Назымханов («Шахтер»);
Шабуылшылар: Алексей Щеткин («Ротор», Ресей), Абат Айымбетов («Астана»), Роман Мұртазаев («Шахтер»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»).
Аталған кездесуге қазылық ететін төрешілер белгіленді. Бас қазы қызметін грекиялық Анастасиос Сидиропулос атқарады. Оған отандастары Полихронис Костарас пен Лазарос Димитриадис көмекшілік жасайды. Төртінші төреші Вассилис Фотиас пен VAR төреші Агелос Эвангелу де сол елден. Ал VAR-дың тағы бір төрешісі Хуан Мартинес Мунуэра Испаниядан келеді.
Айта кетсек, екі құрама жарыстың аталған сатысында 29 наурызда тағы бір мәрте кездеседі. Жеңімпаз құрама алдағы кезеңде С лигасындағы орнын сақтап қалса, жеңілгені Д лигасында сынға түседі.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы 2020/21 жылғы кезеңінде С лигасында Албания, Беларусь және Литвамен сынға түсіп, төртінші орынды місе тұтты.