Футзалдан Чемпиондар лигасында «Қайрат» пен «Семей» қарсыластарына есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» футзал клубтары UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойынында қарсыластарына есе жіберді. Алматылық клуб төртінші топта екінші кездесуде португалиялық «Спортинг» командасымен кездесті.

Фото: «Қайрат» футзал клубы

Кездесу барысында олар қарсылас қақпасына екі гол соғып, өз қақпасына жеті гол жіберіп алды. Салдарынан қарсыласына 2:7 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық команда бұдан бұрын Хорватияның «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен жеңген еді. Топтағы үшінші кездесуін 1 қарашада «Приштина» клубына қарсы өткізеді
Сондай-ақ «Семей» футзал клубы екінші ойынында франциялық «Этуаль» командасынан 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Енді қазақстандық команда үшінші топтағы соңғы ойынын 1 қарашада «Пальма» (Испания) клубына қарсы өткізеді. 

Айта кетсек, бұдан бұрын «Семей» клубы «Хрудим» командасын 9:5 есебімен жеңген еді.