Г. Әбдіқалықова еліміздегі балабақша ғимараттарын сынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңадан салынып жатқан кейбір балабақша ғимараттарының дәліздері тым үлкен, сондықтан олар көбіне қаңырап бос тұрады. Мұндай пікірді бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова білдірді.

Оның айтуынша, «Балапан» бағдарламасы аясында салынып жатқан балабақшалардың кейбірінің құрылыс жоспарлары дұрыс жасалмаған. «Ондай жағдайларды мен өткен жылы көптеген облыстардағы балабақшаларды аралаған кезде өз көзіммен көрдім. Кейбір ғимараттардың дәліздері тым үлкен, сондықтан көбіне еш пайдаланусыз бос тұрады. Одан да сол дәлізге кетірген орындарды балалардың қажетіне жаратса, жақсы болар еді», - деді ол.