Оқиға 24 қазанда Маюмба қаласы маңында болған. Бұл туралы жергілікті info241.com порталы хабарлады. Мұнай платформасы аударылып, суға батып кеткен. Апат кезінде бортта 115 адам болған. Құтқарушылар олардың 110-ын эвакуациялаған.
Бұған дейін апат салдарынан 5 адамның жоғалғаны хабарланған еді.
Габон президенті Брис Олиги Нгема жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеп, әскери-теңіз күштерін қоса алғанда, барлық қажетті мемлекеттік ресурсты жұмылдыруды тапсырды.
Елдің Мұнай және газ министрлігі апаттың себебін, сондай-ақ оқиғаға кімнің жауапты болуы мүмкін екенін анықтау үшін тергеу бастады. Осыған байланысты дағдарыс штабы құрылды.
Апаттың алдын ала болжанған себептері қатарында платформаның механикалық жүйесіндегі ақау мен ауа райының күрт нашарлауы қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, Қызыл теңізде шабуылға ұшыраған жүк кемесі суға батып кетті.