Ресейдің қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, сағат 9:20-да полигонның зымырандар-нысаналар бөліктерінің әскери емес қоймаларының бірінде зымыранның қозғалтқышы отқа оранды. Аймақтың күш құрылымындағы ақпарат көзінің ақпаратынша, өртпен қатар қуатты жарылыс болған.
Жақын жердегі елді мекеннен шамамен 600 тұрғын эвакуацияланды.
Сағат 11:00 от ауыздықталды, кейін сөндірілді. Елдің қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, жапа шеккендер жоқ.