Галбадрах әлемдік рейтингте 6-орынға көтерілді
12:37, 29 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галбадрах Отгонцэгэг Халықаралық дзюдо федерациясы жариялаған рейтингте 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Галбадрах осыған дейін 10-сатыда болған еді.
ЗагребтегіГран-при турнирінде қазақстандық дзюдошы жеңімпаз атанып, 700 ұпайға ие болғанеді. Бұл оған үздік алтылыққа енуге мүмкіндік берді.
Еске салакетейік, бұдан бұрын Галбадрахтың Гран-при турнирінің жеңімпазы атанғанын,қазақстандық кадеттердің Азия чемпионатын 4 алтын медальмен қорытындылағанын жазғанболатынбыз.