Галбадрах бастаған дзюдошылар Загребтегі Гран-при турниріне қатысады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26-28 шілде күндері Загребте (Хорватия) дзюдодан өтетін Гран-при турниріне Қазақстаннан кімдердің баратыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдофедерациясы мәлім еткеніндей, аталмыш додада елімізден 11 спортшы бақсынамақшы.

Атап айтқанда,бұл жолы мына дзюдошыларға сенім артылып отыр.

Ерлер:

ДәуренСүйеукенов (60 кг)

ҒұмарҚырғызбаев (66 кг)

ЖансайСмағұлов (73 кг)

АқылбекСерік (73 кг)

РусланМұсаев (81 кг)

АйбекСерікбаев(-100 кг)

ЕрасылҚажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

ОтгонцэцэгГалбадрах (48 кг)

СевараНишанбаева (57 кг)

НазгүлҚұбашева (63 кг)

ЗаринаРайфова (78 кг)

Ескесала кетейік, бұлан бұрын қазақстандық дзюдошылардың Ақтауда өткен Азия кубогынтөрт алтын медальмен қорытындылағанын жазған болатын.

ТаяудаБудапешт қаласында өткен осындай Гран-при турнирінің жеңімпазы атанған ЕлдосСметов әлемдегі үздік бес дзюдошының қатарына кірген еді. Ендеше, ТокиоОлимпиадасы қарсаңында Загреб жарысы да аса маңызды.