Елдос Сметов әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Будапештегі әлемдік Гран-при турнирінен кейін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елдос Сметов әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Будапеште 60 кг салмақта топ жарған Елдос Сметов 6-дан бесінші орынға көтеріліп, үздік бестіктің қатарына енді.

Будапешт турнирінің күміс жүлдегері Елдос Жұмақанов (66 кг) әлемдік рейтингте 12-ден 11-орынға жоғарылады.

IJF ережесіне сәйкес әлемдік Гран-приде жеңімпаз атанғандар 700, екінші орын иегері 490, қола алғандар 350 ұпайға ие болады.

Үздік елулікке ілінген қазақстандық дзюдошылардың көрсеткіштері мынадай:

60 кг

Елдос Сметов – 5 орын (4821)

Ғұсман Қырғызбаев – 11 (3156)

66 кг

Ерлан Серікжанов – 8 (4089)

Елдос Жұмақанов – 11 (3504)

73 кг

Жансай Смағұлов – 19 (2448)

81 кг

Дидар Хамза – 17 (2602)

Руслан Мұсаев – 49 (1036)

90 кг

Ислам Бозбаев – 11 (3428)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев – 36 (1352)

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметовтің Будапеште алтын алғанын, Елдос Жұмақановтың күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.