Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Ғалия ақтық сында 2026 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Италия өкілі Ассунта Скуттомен кездесті. Нәтижесінде италиялық балуан жеңіске жетті.
Ал Ғалия Тынбаева Гран-при турнирін күміс медальмен аяқтады. Ол финалға дейінгі жолында Азия Аванзатоны (Италия), Ева Перес Солерді (Испания), Наташа Феррейраны (Бразилия), Жаклин Шпрингерді (Австрия) жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасын сегіз медальмен аяқтады.