Галле турнирі: Александр Бублик туған күнінде жеңіске жетіп, ширек финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Галле (Германия) ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші франциялық Артур Филспен бірге бастапқы кездесуін уругвайлық Ариэль Бехар – чехиялық Адам Павлашекпен өткізді.
Қазақстандық-франциялық жұп 6:4, 7:5 есебімен басымдылық танытты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында екеуі 12 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Уругвайлық-чехиялық дуэт 5 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.
А.Бублик – А.Филстің ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Жекелей сында өткен жылы осы жарыстың жеңімпазы атанған Александр Бублик биыл алғашқы айналымда рейтингіде 101-орындағы аустралиялық Макс Пёрселмен кортқа шығады.
Әлемнің 17-ракеткасы А.Бублик бүгін 27 жасқа толып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президенттің Елена Рыбакинаны 25-ке толған туған күнімен құттықтағанын жазған болатынбыз.
Олимпиада қарсаңында Қазақстан спортшылары қандай жетістікке жетті, олқылықтар қандай екені туралы осы материалдан оқи аласыз.