Ғалымдар: Тақтатас газын өндіру жер сілкінісін тудырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ғалымдары жоғары қысыммен жерасты қабатын жару арқылы тақтатас газын өндіру технологиясы жер сілкінісінің пайда болуына әкелуі мүмкін, деп хабарлады ВВС.

АҚШ Геологиялық қызметінің сарапшылары хабарлағандай, энергетикалық компаниялар бұған дейін сейсмикалық тыныш аудан саналған Колорадо және Нью-Мексико штаттарында осы технология көмегімен газ өндіре бастаған кезден бастап, елде 3,8 астам магнитудамен 13 жер сілкінісі тіркелген.

Зерттеуде ылғи жер сілкінісінің кіндігі жер асты су айдау орындарында болатыны атап өтілген.