Гарии Поттер туралы романның табынушылары аспанда шығарма кейіпкерлеріне айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбиядағы Богота қаласының скайдайверлері, атап айтқанда Джоан Роулингтің Гарри Поттер жайлы жазған романына табынушылар жерден 4 шақырым биіктікте квиддич ойнады.

Матч үшін спортшыларға ұшақтан секіруге тура келді.

Квиддич - Гарри Поттер жайлы романдағы ойдан шығарылған спорт түрі. Мұнда сыпыртқышқа мінген жеті адам екі командаға бөлініп, шығыршыққа гол салуға тырысады.