Дүбірлі доданың плей-офф сатысында бүгінге белгіленген кездесудің бірінде Англия - Конго Демократиялық Республикасы кездесті.
Ойын барысында алғашқы минуттан қос құрама шабуылға көңіл бөлді. Жылдам гол соғуды алдына мақсат еткен олар өз мүмкіндігін мүлт жібермеуге тырысты. Осындай сәттердің бірінде конголық Брайан Сипенга 6-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Одан кейін таразы басын теңестіруге ұмтылған англиялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Оған африкалық құрама лайықты тойтарыс берді.
Екінші кезеңде Гарри Кейн бастаған Англия құрамасы ойынды толықтай өз бақылауына алды. Десе де көп жағдайда конголық футболшылар қорғаныс шебінде қателікке бой алдырған жоқ.
Ойынның 75-минутта англиялық шабуылшы Гарри Кейн қарсылас қақпасынан саңылау тауып, таразы басын теңестіріп кетті. Ол 86-минутта тағы бір мәрте көзге түсіп, өз құрамасына жеңіс сыйлады.
Осылайша Англия құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға жолдамаға ие болды
Англиялық футболшылар L тобында сынға түсіп, жеті ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Хорватияны 4:2, Панаманы 2:0 есебімен жеңіп, Ганамен 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Африкалық футболшылар K тобында үшінші орынға табан тіреді. Олар Колумбияға 0:1 есебімен есе жіберіп, Португалиямен 1:1 есебімен тең түссе, Өзбекстаннан 3:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын Мексика футболдан әлем чемпионаты 1/8 финалына шықты.