Гарвард құны $1 млрд тұратын активтерін сатуды ойластырып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Гарвард университеті өзінің құны 1 млрд доллар болатын активтерін сату бойынша белсенді түрде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің оқу орнына бөлінуі тиіс бірнеше млрд долларды бұғаттап тастауы себеп болып отыр, деп жазады Bloomberg.
Бұл туралы ресейлік ТАСС хабарлады.
Әңгіме оқу орнының жеке қоры акцияларының портфеліне қатысты болып отыр. Гарвард университеті Lexington Partners инвестициялық компаниясының акцияларын беру туралы Jefferies Financial Group компаниясымен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл келісімнің шарттары әзірге соңына дейін келісілмеген, сол себепті мұнда өзгертістер болуы мүмкін.
Университет портфельді сатуға 2024 жылдан бастап, яғни Трамптың ұлықтау рәсіміне дейін-ақ күш сала бастаған.
15 сәуірде Трамп Гарвардты саяси ұйым ретінде бағалап, салық салынбайтын нысан ретіндегі мәртебесін жоюды ұсынды.
Білім министрлігі Гарвардқа бөлінген 2,2 млрд доллардың және 60 млн долларға жасалған ұзақмерзімді келісімдердің «мұздатылатынын» жариялады. Осыған дейін АҚШ әкімшілігі еврей студенттерді антисемизмнен қорғау үшін оқу орнының саясатына өзгеріс енгізуді талап еткен болатын.
The New York Times басылымының хабарлауынша, Гарвард Ақ үймен ықпалдасуға ұмтылғанымен талаптар тізімі кеңейтілді және олардың көбінің антисемитизммен байланысты емес.
Гарвард университетінің президенті Алан Гарбер оларды орындаудан бас тартты.
Осыған дейін АҚШ Гарвард-қа бөлінетін 2,2 миллиард доллар мемлекеттік қаржыландыруды тоқтататыны туралы жаздық.
Трамп әкімшілігі Гарвардтан шетелдік студенттерді қабылдау құқығын алып қоятынын мәлім етті.
Трамп Гарвардқа бөлген 1 млрд доллар қаржыны кері қайтаруды ойластырып жатыр.
Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді.