Газ сатушылар жыл соңында бағаны өз еркімен түсірген болатын – Бәскелестікті қорғау агенттігі
«Жылдың соңында көтерме саудада байқағанымыз, солтүстік, батыс және оңтүстік Қазақстан сияқты макроөңірлерде бағаның төмендеуі байқалды. Сондықтан бір жұма бұрын бізге тиісті өңірлік аумақтық департаментке тапсырма бердік. Сол бойынша бүкіл Қазақстандағы газ өткізетін кәсіпкерлерді жинап, консультация өткізіп, жылдың соңына көтерме саудада бағаның түсуіне байланысты нарық субьектілері газ бағасын өз еркімен төмендетті. Шамамен 5 теңгеден 15 теңгеге дейін... Агенттік бұл бағыттағы жұмысын жалғастырады», - деді агенттік өкілі.
Брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысындағы жанармай стансалары ұсынған баға газ нарығында қашанға дейін сақталатыны туралы пікір білдірді.
Бұған дейін Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты Ақтау қаласныа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкімет комиссиясы баратынын жазған болатынбыз.