Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету және олармен жұмыс істеу жөніндегі агенттіктің хабарлауынша, соғысқа дейін мұндағы әрбір бесінші отбасында кем дегенде бір мүгедек болған. Олардың жартысына жуығы - мүмкіндігі шектеулі бала.
- Осы соғыс басталғалы бері ерекше қамқорлыққа мұқтаж адамдар үнсіз қалып, азаппен бетпе-бет келді. Олардың өмірлері мен қиындықтары туралы тым сирек айтылатын. Сонымен қатар соғыс кезінде оңалту қызметтеріне қол жеткізу мүмкін болмады, - делінген ақпаратта.
Балалардың көпшілігі анестезиясыз ота жасатып, аяқ-қолдарынан айырылған.
- Қазір Газа секторы жан басына шаққандағы ампутацияланған балалар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты, - делінген хабарламада.
Қыркүйек айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 22 500-ден астам адам немесе Газа секторындағы соғыстан зардап шеккен әрбір төртінші адамның өмірін өзгертетін жарақат алғаны жайлы ақпарат таратты. Бұл адамдарға оңалту қызметтері ауадай қажет.
Күн сайын 10 бала бір немесе екі аяғынан айырылады.
Осыған дейін Amnesty International Израильді Газа секторында геноцид жасады деп айыптағаны туралы жаз,ан едік.