НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - HighlightsPH Youtube арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ең үздік бес жекпе-жегін іріктеп, көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шолуға Головкиннің Давид Лемьемен, Дэниэл Джейкобспен, Келл Брукпен айқасы және Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегі енген.
Оның ішінде ең үздігі ретінде GGG мен «Канелоның» жұдырықтасуын көрсеткен. Бұл кездесуде екеуі әділқазы шешімімен тең түскен болатын.
Еске сала кетейік, Головкин мен Сауль Альварестің үшінші айқасы осы жылдың соңында немесе келесі жылы өтеді деп жоспарланып отыр.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.