Tagesspiegel басылымының Германия Қаржы министрлігінің хатына сілтеме жасап жазуынша, Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі бюджеттен қосымша қаражат бөлуді сұраған.
2026 жылғы шілдеден бастап Германияда бұрынғы Bürgergeld жәрдемақысының орнына базалық әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі енгізілді. Бұған дейін канцлер Фридрих Мерц реформа жыл сайын шамамен 5 млрд еуро (2,54 трлн теңге) үнемдеуге мүмкіндік беретінін мәлімдеген. Ал ХДС/ХСС блогының кейбір өкілдері үнемделетін қаражат 10 млрд еуроға (5,07 трлн теңге) дейін жетуі мүмкін екенін айтқан.
Сонымен қатар Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымының мәліметінше, Германияның Федералдық еңбек агенттігі жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу үшін қосымша 5,05 млрд еуро (2,56 трлн теңге) қарыз қаражатын қажет етеді.
Бұған қоса, елдің зейнетақы жүйесіне мемлекеттік бюджеттен тағы 408 млн еуро (шамамен 207 млрд теңге) бөлу қажет.
Осылайша, қосымша бюджет қаражаты мен қарызға деген жалпы қажеттілік 5,7 млрд еуродан (2,89 трлн теңге) асады.
Бұған дейін Германияда жұмыссыздар саны үш миллионға жуықтағаны хабарланған еді. Сонымен қатар бір жылда жұмыссыздық бойынша сақтандыру төлемдерін алушылар саны 88 мың адамға артып, 1,065 миллионға жеткен.