Германияда құмнан қорған тұрғызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиялық Дуйсбург қаласында жергілікті энтузиастар 14 метрлік құм қорған тұрғызды. Салмағы екі тонналық құрылыс Гиннестің рекордтар кітабына енуі тиіс болған.

 DW агенттігі хабарлағандай, комиссия рекордты растаудан бас тартты.  Жұма, 2 қыркүйекте болған тексеру барысында құмда құрылыс ағаштарының қалдықтары табылды, бұл қағидаға қайшы келеді.  

Ғажайып ғимаратты салуға 18 адамнан тұратын команда қатысты, деп жазады yoki.ru.