Аталған ауданда мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр. Науқастың жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Тек оның тірі екені хабарланды.
Борна ауруының вирусы мидың ауыр қабынуын тудырады және көп жағдайда өлімге әкеледі. Бұл ауруды жылқы, сиыр және қой секілді ауыл шаруашылығы жануарлары жұқтыруы мүмкін. Адамдарға вирус, болжам бойынша, жертесерлерден беріледі.
Мысалы, осы жануарлар мекендейтін қоралар мен қамбаларды тазалау кезінде жұғуы ықтимал.
Германияда жыл сайын борнавирусын жұқтырудың 5–10 жағдайы тіркеледі. Көбіне мұндай жағдайлар елдің оңтүстігіндегі Бавария жерінде кездеседі. Merkur басылымының жазуынша, соңғы айларда бұл аурудан екі адам көз жұмған.
Бұған дейін Германияның солтүстігінде борнавирусының жекелеген жағдайлары Бранденбург және Төменгі Саксония аймақтарында тіркелген. Алайда Мекленбург — Алдыңғы Померания мен Шлезвиг-Гольштейн жерлерінде мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған.
Бұған дейін Угандада Эбола безгегін жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталғаны хабарланған болатын.