Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланған.
«Алматы қаласы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сату мақсатында есірткі сақтау фактісі бойынша қала тұрғыны 36 жастағы әйел адамның үстінен қозғалған қылмыстық істі зерттеу барысында, күдікті азаматшаның қала және Алматы облысы аумағында героин сатумен айналысқан 3 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрып және оны басқарғандығы анықталды»,-делінген хабарламада.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен тәркіленіп алынған героиннің жалпы салмағы жарты келіні құрады. Қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.