«Ол мықты боксшы, өз дивизионының үздігі - мен үшін бұл үлкен және аты шулы жекпе-жек. Сондықтан теледидардан көріңіздер», - деген Головкиннің сөздерін келтірді Boxing Scene.
Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер баспасөз мәслихатында алдағы Келл Брукпен кездесу туралы пікірін айтты, деп жазды sports.kz.
«Брукпен жекпе-жекті байыпты қарастырмадық. Брук өз салмақ дәрежесіндегі даңқты боксшылармен кездесе алмағандықтан, біздің ұсынысымыз жайлы ойлаған болар. Головкин де осы мәселеге тап болды. Осылайша, екі спортшы үшін де бұл мәселе шешілді. Бұл ауқымды құбылыс болмақ. Геннадий әрдайым жүз пайыз дайын. Осылай жақсы дайындалатын спортшыны бұрын көрмеппін, оның бүгінгі жетістіктерінің себебі де сол. Ол әр жекпе-жекке жақсы дайындалып, қарсыласының лайықты баға береді», - деді Лёффлер.