GGG Instagram-дағы жеке парақшасында АҚШ-тағы жағажайда өткізіп жатқан жаттығуынан фото және видео жариялады.
Еске салайық, Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек биылғы 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobele аренасында өтеді. Қос боксшының бұған дейінгі екі кездесуі де осы жерде ұйымдастырылған еді.
«GGG» - «Канело» айқасына арналған баспасөз конференциясы 24 маусымда Лос-Анджелесте өтуі тиіс. Ал екіншісі 27 маусымда Нью-Йоркте ұйымдастырылады.