BoxRec ақпаратына сәйкес, 34 жастағы Абрахам Хан кәсіпқой бокста 26 рет жеңіске (оның 16-сын нокаутпен) жеткен. Төрт рет жеңіліп, бір мәрте қарсыласымен тең түскен. Соңғы рет америкалық 2018 жылдың сәуірінде шаршы алаңға шығып, төрешілердің шешімімен Энтони Дирреллден жеңілген.
Екінші орта салмақтағы айқас 10 раундқа есептеліп отыр.
Әли Ахмедовтың (14-0, 10КО) 8 маусымда Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) - Стив Роллс (19-0, 10КО) айқасының андеркартында рингке шығатыны бұған дейін хабарланған болатын.
GGG Promotions клиенті Әли Ахмедов Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен жаттығуда.