Онда мұның тұсаукесері 16 маусымға жоспарланып отырған қазақстандық боксшы жайындағы екінші трейлер екендігі айтылады.
Ешқашан жеңіліп көрмеген Головкин соңғы айқасын 5 мамырда Карсонда (Калифорния штаты, АҚШ) өткізіп, екінші раундта америкалық Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) нокаудқа түсірген еді.
Қазір GGG командасы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жек өткізу жөнінде келісім жүргізіп жатыр. Дегенмен қаржыға байланысты мәселелер шешілмей отыр. Головкин табысты теңдей - 50/50-ге, ал «Канело» өз пайдасына 65/35-ке бөлуді сұрап отыр.
Головкин мен «Канелоның алғашқы айқасы 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтіп, тең жағдайда аяқталған еді. Бірақ көпшілік төрешілер Геннадийден таза жеңісті ұрлап алды деген пікірде.