Головкин осы жекпе-жек үшін 2 млн доллар, ал Роллс 300 мың доллар кепілдендірілген гонорар белгіленген. Алайда Головкин осы айқасы арқылы 15 миллион доллар табыс табады деп болжануда.
Головкин - Роллс кездесуі 9 маусым күні «Madison Square Garden» аренасында өтеді.Басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 9.00-де. Қазақстандықтар тікелей эфирді «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан көре алады. WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы GGG үшін бұл, DAZN стримингілік платформасындағы алғашқы жекпе-жек болады. Қазақстандық боксшының DAZN-мен 100 миллион долларлық келісімшарты жөнінде бұған дейін жазған болатынбыз.