Гонконг генеративті ЖИ-ді жаңа салалар бойынша кеңейтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Гонконгтың Валюта басқармасы (HKMA) басқа қаржы реттеушілерімен алдағы бес жылда қаржылық технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні экономиканың түрлі салаларына енгізу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды South China Morning Post.
Бұл бастама Fintech 2030 бес жылдық жоспарының аясында жүзеге асырылып жатыр. Осы жоспардың бөлігі ретінде HKMA қаланың генеративті ЖИ «құмсалғышын» кеңейтіп, оны жаңа салаларға таратуға ниетті. Бұл тәуекелдерді басқару сапасын, алаяқтықты анықтау тиімділігін және тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін жақсартады деп күтіліп отыр.
- Түрлі секторлар тарапынан көзқарастың әртүрлілігі, әсіресе жасанды интеллект сияқты тез дамып келе жатқан салада шығармашылық және тиімдірек шешімдерге әкелуі мүмкін. Түрлі секторлардың сондай-ақ ЖИ модельдерін оқыту және жетілдіру үшін пайдалы болуы мүмкін дерек түрлері бар, - деп атап өтті НКМА басшысы Эдди Юэ Вайман.
Оның айтуынша, бастаманы қамту аясын кеңейту және саланың кеңірек қатысуын ынталандыру үшін Сақтандыру басқармасы және Бағалы қағаздар және фьючерстер комиссиясы сияқты негізгі қаржылық реттеушілермен консультациялар жалғасып жатыр.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағанын хабарлаған болатынбыз.