Гонконгтағы өрттен қаза тапқандар саны 83-ке жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды ТАСС.
South China Morning Post басылымының мәліметінше, Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан қаза тапқандар саны 83-ке жеткен.
Бұған дейін Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде ірі өрт шыққаны хабарланған еді. Жанып кеткен өрт бамбуктан жасалған құрылыс қаңқаларын (құрастырылған уақытша орнатылатын саты-тіректерді) шарпыған. Олар ғимараттарға жөндеу жүргізу үшін қойылған. Кешенде шамамен екі мыңға жуық пәтер бар, онда төрт мыңға жуық адам тұрады. Алғашқы деректер бойынша қаза тапқандар саны 44-ке жеткен. Өртке ең жоғарғы деңгей берілген.
Еске салсақ, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өрт салдарынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтқан еді.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев та Гонконгтағы өртке байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты.
Айта кетелік Гонконг полициясы ғимараттарды жөндеумен айналысқан құрылыс компаниясының екі жетекшісі мен бір кеңесшісін абайсызда кісі өлтіру айыбымен қамауға алды.