Grand Slam Tashkent-2026 турниріне баратын Қазақстан құрамасы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Grand Slam-2026 ресми сайты Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан өтетін халықаралық турнирде бақ сынайтын қазақстандық балуандардың тізімін жария етті.
Беделді бәсекеде еліміздің атынан ерлер құрамасында 13, әйелдерде 1 спортшы татамиге шығады.
Ерлер:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 келі: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 келі: Аңсарбек Гайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
81 келі: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
90 келі: Барақ Арқабай
100 келі: Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев
100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер:
78 келіден жоғары: Назгүл Маратова.
Халықаралық Grand Slam Tashkent-2026 турнирі Өзбекстан астанасындағы «Хумо Аренада» 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 40-тан астам елінен 380 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс IJF әлемдік турының маңызды бөлігі болып табылады. Онда әлемдік рейтинг бойынша ұпай есептеледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 6-8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында өтетін гран-при кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.